Денсаулық

Шығыс Қазақстанда 4 бала ауруханада көз жұмды

  • https://ru.freepik.com/

    https://ru.freepik.com/

Шығыс Қазақстанда төрт бала ауруханада көз жұмды. Бәрі - Аягөздегі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету интернатының тәрбиеленушілері. Мекеме психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған.

 

Аягөздегі арнайы интернаттағы оннан астам бала қызылша диагнозымен ауруханаға түсті. Кейбірінде ішек инфекциясы да анықталды, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы".

 

"Бұған дейін интернатта балалар қызылшадан ғана емес, ағзаның әлсіреуінен де көз жұму мүмкін деген ақпарат шыққан. Алайда облыстың бас педиатры бұл мәліметті жоққа шығарды", - деп хабарлайды телеарна.


"Асқынған коморбидті фон, туа біткен патология, кахексия өлімге себеп болды. Облыстық ведомствоаралық комиссия жұмысы барысында орталықтағы барлық балаларды тексердім. Олар медициналық және әлеуметтік қызметті толық көлемде алып жатыр. Тәулік бойы мекеме қызметкерлерінің бақылауында", - деді облыстың бас педиатры Шолпан Мақашева.

 

Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Жасұлан Сәрсебаев балаларды коронавирустан қорғау үшін мекемеде карантин режимі енгізілгенін айтты. Бұған дейін балалар мен мекеме қызметкерлері Covid-19-ға сынама тапсырды. Нәтижесі теріс болып шықты.

 

Инфекция жайлы білген кейбір ата-аналар балаларын өзге мекемеге ауыстырды. Аналардың бірі әлеуметтік желі арқылы Даниал Ахметовтан көмек сұрады.


 




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 09:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31