Денсаулық

Шымкент дәрігерлері у ішіп қойған кішкентай қызды құтқарып қалды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Шымкенттік дәрігерлер сүйел кетіретін "Чистотел" дәрісінен уланған өзбекстандық қыз баланың өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Ол ауыр жағдайда Гипербариялық оттектеу орталығына жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жіберілген.


Дәрігерлердің айтуынша, улы сұйықтық баланың аузын күйдіріп жіберген. Қазір қыз баланың жағдайы жақсарған, ол жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.


"Қазір уланған бала анасымен бірге ауруханада ем алып жатыр. Өзбекстанның кішкентай тұрғыны Шымкентке ата-анасымен бірге қонаққа келген", - дейді ведомствода.


"Дәріханада папилломаны кетіру үшін "Чистотетел" сұйықтығын сатып алғанбыз. Балам ойнап отырып, байқамай оны ішіп қойған. Қызымның жағдайын көріп, бірден жедел жәрдем шақырдым", - дейді баланың анасы Сарбиназ Аронова.


Қазір аузы күйген бала өзі тамақтана алатын жағдайда. Дәрігерлер кішкентай пациенттің жағдайын бақылау үшін әлі тексеріп жатыр.


 




Көрілген: 987    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 17:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31