Денсаулық

Шымкентте 7 мыңға тарта адам ерікті түрде вакцина салдырды

  • https://ria.ru/

    https://ria.ru/

Шымкентте 7 мыңға тарта адамға ерікті түрде вакцина салынған. Екпе қабылдағандардың қатарында медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары, ұстаздар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін 4301 медицина қызметкері мен 2101 педагог екпе салдырған.

 

Ал, 161 полиция қызметкері мен 299 басқада санаттағы азамматтар вакцина қабылдауға келіскен.

 

Қазіргі таңда инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары қаладағы 21 емдеу мекемесінде жүргізілуде.

 

Бұған қоса наурыз айының соңына дейін қосымша 10 бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында вакцинация жасау үшін арнайы кабинеттер ашылмақ.

 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, БМСК ұйымдарының 450 медицина қызметкері үшін вакцинация мәселелері бойынша тренинг семинарлар өткізді.

 

Бұдан бөлек, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

 

Айта кетейік, вакциналауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіші жоқ адамдар жіберіледі. Екпе қабылдамас бұрын әр адам міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіледі.

 

 




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 20:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31