Денсаулық

Шымкентте дәрігерлер суға тұншыққан 11 айлық баланы қайта тірілтіп алды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шымкентте жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері ваннаға батып кеткен 11 айлық баланы құтқарып қалды. Жайсыз жағдай қаладағы жеке үйлердің бірінде болған. Бұл туралы Шымкенттің жедел жәрдем қызметінің фейсбуктегі парақшасында жарияланды.


Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, анасы баласын шомылдыру кезінде құлап кеткен. Сәби көп мөлшерде су жұтып қойып, демала алмай қалған. Болмаған соң анасы жедел жәрдем қызметін шақырған.


«Шақыртуға келген жедел жәрдем мамандары баланы тексеру кезінде оның ес-түзсіз әрі тыныс алмай жатқанын, сондай-ақ жүрегі соғылмай тұрғанын анықтаған. Сондықтан дәрігерлер шұғыл түрде реанимациялық шаралар жасаған. 3 минуттан кейін бала есін жиып, өз-өзіне келген. Сәтті реанимациялық іс-шаралар нәтижесінде бала аман қалып, тыныс алуы қалпына келтірілген. Сәби қалалық балалар ауруханасына жеткізілді»,- делінген хабарламада.


ҚазАқпарат




 




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 20:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30