Денсаулық

Шымкентте еркектік қуатын арттыратын шөп дәрі ішкен жігіт қайтыс болды

  • © cialis-viagra.com.ua

    © cialis-viagra.com.ua

Шымкентте жас жігіттер еркектік қуатты арттыруға арналған шөп дәріні ішеміз деп уланып қалды. Олардың бірі қайтыс болса, тағы екі жігіт ауруханаға түскен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


Оқиға 2-ші ақпан күні болған.


Түскі үзіліс кезінде үш жігіттің бірі әкеліп ұсынған дәрінің дәмін көрмек болған азаматтың бірі ауруханаға жетпей жолда көз жұмған.


Қалған екі жігітті Шымкент қалалық токсикологиялық орталықтың дәрігерлері аман алып қалған.


Бұл фактіні Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.


"Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Үш азаматтың нақты неден уланғанын анықтау мақсатында арнайы сараптамалар тағайындалды. Сараптамалар нәтижесінде процесуалды шешім қабылданатын болады", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


 




Көрілген: 879    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.02.2019, 12:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30