Денсаулық

Шымкенттік дәрігерлер жүкті келіншектің ішінен бір уыс құрт алып шықты

  • Шымкенттік дәрігерлер жүкті келіншектің ішінен бір уыс құрт алып шықты

    Шымкенттік дәрігерлер жүкті келіншектің ішінен бір уыс құрт алып шықты

Шымкентте дәрігерлер айы-күні жақындаған ананың ішінен бір уыс құрт алып шықты. Эхинококк кистасының ұзындығы 19 сантиметрге жеткен. Ақ халаттылар дәл сол күні бауырынан бөлек, құрсағынан салмағы бес келі болатын сәбиді жасанды жолмен алып шықты. Науқас шаранасына жиырма аптаға толған кезде жедел ауруханаға түскен. Дәрігерлер сол кезде ішінде паразиттің бар екенін анықтаған. Содан бастап, медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауына алынған.


Индира АБИТАЕВА: - Операцияға кірер алдында бала-шағамның алдына бастысы аман-есен оралсам, ішімдегі баламды аман-есен қолыма алып оралсам, жанұяма оралсам деген арманмен жеттім. Бірақ та сәтті өтті екі сағатта, ешқандай не болған жоқ, дәрігерлердің арқасында.


Дәрігерлер паразитарлық аурулар негізінен үйдегі ит-мысықтан, жеміс-жидек, көкөністі жумай жегеннен болатынын ескертеді. Ал оның залалы орасан көрінеді.


Сәбитхан БАЙТЕМІРОВ, ШЫМКЕНТ қ. №1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: - Кистаны дер кезінде операция жасамаса ол өскен сайын бауырды қысады. Бауыр фиброзына, тіпті циррозға дейін әкелуі мүмкін. Екінші қаупі оның жарылуы. Жарылған кезде оның ішіндегі сұйықтықта мыңдаған, миллиондаған яйцоклеткалары болады, ол ішке тарап кетіп, ішкі органдардың бәрін зақымдауы мүмкін. Содан кейін көптеген кисталар өсе бастайды.


astanatv.kz




Көрілген: 1003    Пікірлер: 0

жұма, 18.10.2019, 23:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30