Денсаулық

Шымкенттің бас дәрігері жұқпалы аурулар ауруханасындағы жантүршігерлік жағдайды көрсетті (видео)

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

Шымкент қаласының бас дәрігері жұқпалы аурулар госпиталіндегі жантүршігерлік жағдайды көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Instagram-парақшасында видео жариялады. Видеода ол Асар шағын ауданындағы Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында екенін айтады. Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастар осы ауруханаға жеткізіледі.

 

"Жансақтау бөлімінде науқас өте көп. Көбі 25, 30 және 40 жастағы адамдар. Олар қазір өте ауыр жағдайда. Барлығыңызды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шықарамын. Бүгінде Шымкенттің барлық мемлекеттік және жеке медициналық мекемесінде "Спутник V" вакцинасын тегін салдыруға болады", - деді ол.

 

Видео кадрларында бөлімшедегі барлық төсек бос емес екені байқалады. Олардың кейбіреуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Видеодан арнайы құрылғымен де дем алуы қиындаған науқастарды көруге болады.

 

Tengrinews.kz тілшісі шенеунікпен хабарласты. Бақытжан Позилов видео 15 сәуірде түсірілгенін айтты.

 

"Сіздерді COVID-19-ға қарсы вакцинацияға шақырамын. Қазіргі уақытта вакцинация қауіпті жұқпалы аурудан қорғайтын жалғыз тиімді әдісі. Вакцинация коронавирус жұқтыру және асқыну дерегінің алдын алады. Медициналық ресурс шексіз емес. Вирусты біріксек ғана жеңе аламыз", - деді Позилов.

 

 

Айта кетейік, өткен тәулікте (15 сәуір) Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 656 жаңа жағдай тіркелді. Оның ішінде Шымкенттен 119 адам. Пандемия басталғаннан бері мегаполисте коронавирус жұқтырудың 7 934 жағдайы тіркелді.

 

 

 

 




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30