Денсаулық

"СҚ-Фармация" қызметкерлеріне биыл 179 млн теңге сыйақы қарастырылған

  • © primeminister.kz

    © primeminister.kz

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жалақысы мен қызметкерлерге төленетін сыйақы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Жалақы бойынша мен әрдайым ашық айтамын - 1 300 000 теңге болатын. Қазір, мысалы, таза қолға түсетіні миллион теңгеден аз", - деп хабарлады Есқалиев ОКҚ брифингінде.

 

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы қызметкерлерге сыйақы ретінде 179 миллион теңге бөлінгенін айтты.

 

"Былтыр біз қайта ретке келтіру бағдарламасын бастадық, әкімшілік шығындарды үнемі оңтайландырып отырамыз. Атап айтқанда, 239 миллион теңге шығын үнемделді. Байланыс қызметтері бойынша шығындар қысқартылды, имиджге, жөндеу жұмыстарына арналған, сондай-ақ, сот даулары бойынша шығындар толығымен алып тасталды. Үй-жайды жалға алу бойынша, министрліктің тапсырмасымен, 7000 теңгеден 5990 теңгеге дейін төмендеттік (шаршы метріне - автор.). Бұл нарықтық баға. Біз екі автокөлікті жалға алып отырмыз, бұл сомаға жүргізушілердің жалақысы, қызмет көрсету, ЖЖМ кіреді, сома былтырғы жылдан жоғары емес.

 

"СҚ-Фармацияда" сыйақы үшін биыл 179 миллион теңге бөлінді. Бұл медициналық ұйымдар арасында стандарт сома. Бірақ сыйақының басқарма мүшелеріне қатысы жоқ", - деді Есқалиев ОКҚ брифингінде.

 

Айтуынша, компанияда тергеудің аяқталмауына байланысты басқарма мүшелері үшін жыл сайын түсетін бонустық жүйе төленбейді.

 

Ол қызметкерлерге арналған 179 миллион теңге сыйақы 2021 жылға қарастырылғанын және ол жоспарлы екенін атап өтті.

 

Бұған дейін Есқалиев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айлығы бір миллион 300 мың теңге, орынбасарында 900 мың теңге екенін, ал басқарушысы 450-ден 650 мың теңгеге дейін жалақы алатынын айтқан болатын. Айтуынша, оның үш менеджері мен бір орынбасары бар.

 

 




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 17:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31