Денсаулық

СҚО-да 265 адам қызылшаға қарсы егілуден бас тартты

  • СҚО-да 265 адам қызылшаға қарсы егілуден бас тартты

    СҚО-да 265 адам қызылшаға қарсы егілуден бас тартты

 Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға қызылша мен қызамық ауруларына қарсы қосымша екпе жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Вакцина бұған дейін екпе алғанын қарамастан 20 мен 29 жастағы солтүстікқазақстандықтарға салынып жатыр. Иммундаудан тек 2018 жылдың қарашасынан бастап қызылша, қызамық және паротитке қарсы екпе алғандар және жүкті әйелдер ғана босатылады. «Республика аумағында қызылшамен ауырғандар санының азаймауына байланысты қосымша иммундау жүргізіліп жатыр. Мәселен СҚО-да жұқпалы аурумен биыл 280 адам ауырған. Қызамықты жұқтырғандар тіркелген жоқ. Қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі 20-29 жастағы тұрғындар және екпе алуға әлі уақыты келмеген 1 жасқа дейінгі нәрестелер», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.


СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қызылша мен қызамыққа қарсы 51,2 мың дана вакцина сатып алынды. Бұл мақсатқа 14,7 млн теңге жұмсалды. 46,5 мың адамға екпе жасау жоспарланған. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың кейбірі вакцина қойғызуға қарсы. Бірі - діни сеніміне қатысты бас тартса, енді бірі интернетте тараған жағымсыз ақпаратты негізге алған. Осылайша екінші тоқсанда екпеден 265 адам бас тартқан. Вакцинациялау облыс аудандары мен Петропавл қаласының барлық егу пункттерінде (медициналық ұйымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындары) егуді жүргізуге рұқсат сертификаты бар және оқытылған медицина қызметкерлерімен жүргізілетін болады. Санитарлық дәрігерлер қызылша мен қызамық көбінесе ауа арқылы таралатын жұқпалы вирустық ауруларға жатады. Қызылша асқынған жағдайда арты бронхитке, пневмонияға ұласып, кератиттер, отиттер, синуситтер, пиелонефриттер болуы мүмкін. Ең ауыр түрінде энцефалит және панэцефалитке апарады, яғни ми зақымданып, оның белгілері тек бір жылдан кейін ғана шыға бастайды. Қызылша әсіресе, жүкті әйелдерге қауіпті. Жүктіліктің бірінші триместрінде жатыр ішілік қызамық вирусын жұқтырған болса, балада туа біткен ақаулар: жүрек аурулары, көздің зақымдануы, естудің төмендеуі, ақыл-ой дамуының тежелуі пайда болады. Дәрігерлер қызылшаға және қызамыққа қарсы арнайы емдеудің жоқтығын ескертеді. Бұл жұқпалы аурулардан қорғанудың бірден-бір тиімді тәсілі – екпе алу. Қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы егу 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.


inform.kz




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 22:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31