Денсаулық

СҚО-да АИТВ жұқтырған 13 бала есепте тұр

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 18 адам АИТВ (адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы) жұқтырған, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 33 жағдайға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі СҚО орталық баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде 18 адамда АИТВ анықталған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 33 жағдайға – 64,7 %-ке аз.

 

«Биыл ВИЧ-ті жыныстық жолмен жұқтырғандар саны артып отыр. 12 адам немесе 66,7 %-ы осылайша ауырған. Қалған жұқтырғандар инъекциялық жолмен есірткі қабылдайтындар. АИТВ анықталғандардың 10-ы - 55,6 %-ы жұмыс істемейді. Орташа жасы – 40-49 аралығында», - дейді эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Наталья Гордымова.

 

Былтыр да, биыл да балалар арасында АИТВ жұқтырғандар анықталмаған. Десек те қазір орталықтың есебінде қауіпті инфекцияны жұқтырған 13 бала есепте тұр.

 

Мамандардың айтуынша, былтыр ЖИТС (жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы) орталықтың зертханасына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа қондырғылар сатып алынды. Бұл ауырғандарды анықтауды жақсартуға мүмкіндік бермек.

 

Қазір СҚО-да АИТВ жұқтырған 1 238 адам есепте тұр.

 

 

 

 

 




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 11:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31