СҚО-да дәрігерлер бесінші баласын тапқан ананың өлімін жасырған

22 ақпан 2022, 00:15

Солтүстік Қазақстандағы Большой Изюм ауылының 35 жастағы тұрғыны Әйгерім Қазезова былтыр бесінші баласын дүниеге әкеліп, біренеше аптадан кейін облыстық көпбейінді ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Бірақ ақ халаттылар оның өлімін тіркемей, пациентті аудандық ауруханаға ауыстырған. Ал ондағылар мәйітті еш медициналық құжатсыз туыстарына берген.

 

Кейін берілген анықтамада азаматша дүниеден өткен соң марқұм тағы бір ай коронавирустан емделді деп жазған.

 

Тексеріс кезінде арнайы комиссия екі медициналық ұйымның 10-ға жуық қызметкерінің заңсыз әрекетін әшкереледі.

 

Дархан Тұрлыбеков, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сқо бойынша департаменті басшысы:

 

– Дәрігерлердің айтуынша бұлар ана өлімі фактісін жасыруды біздің облыстық статистикалық көрсеткішін жоғарламауына байланыстырады. Сондықтан осы ана өлімін жасырғанын айтады. Жоспардан тыс тексеру қортындысы бойынша материалдарды құқы қорғау органдарына бердік және денсаулық сақтау басқармасына бердік. Енді осы матеиарлдар бойынша процессуалды шешім қабылданады деп ойлмайын.