Денсаулық

СҚО дәрігерлері КВИ жұқтырған жас ана мен сәбиінің өмірі үшін күресіп жатыр

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 18 жүкті әйел стационарда жатыр, біреуінің жағдайы өте ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО перинаталдық орталық директоры Елена Калюжная жүкті келіншектерге вакцинациядан өтуге кеңес береді.

 

Өйткені жүктілік кезінде әйелдерде иммунитет төмендейді, оларда кез-келген жұқпалы немесе вирустық ауру ауыр түрде өтеді. Ал бұл құрсақтағы шаранаға әсер етеді, су азайып, оттегі жетіспеушілігі туындайды, ұрықтың өсуі баяулайды, тіпті өліп кетуі мүмкін.

 

«Биылғы 10 айда өңірде 650-ден астам жүкті әйел коронавирус жұқтырды, 203 келіншекте ауру асқынып, екі жақты пневмонияға ұласты. 51 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. 8 жүкті әйелдің жағдайы өте ауыр болды, біреуінің өкпесі 90 %-ға дейін зақымданып, тек ЭКМО аппараттық емдеудің арқасында аман қалды. Бір босанған әйел, өкінішке орай, қайтыс болды. КВИ бар аналарды кесір тілігі арқылы босандыруға мәжбүр болдық, мерзімінен өте ерте туғандықтан үш сәби қайтыс болды», - дейді Елена Калюжная.

 

Қазіргі уақытта облыста қауіпті инфекция жұқтырған 18 жүкті әйел стационарлық көмек алып жатыр. Солардың біреуі – үшінші сәбиіне босанған 35 жастағы келіншектің жағдайы өте ауыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

 

«Науқас өздігінен дем ала алмайды. Өте шұғыл ота арқылы босандырып алдық. Сәби дұрыс жетілмеген, перинаталдық орталықтың балалар реанимациясында ауыр халде жатыр. Барлық жүкті әйелдер жүктілік басталғанға дейін және жүктілік кезінде КВИ-ге қарсы егілмеген», - дейді орталықтың директоры.

 

Дәрігердің айтуынша, Pfizer вакцинасы жүкті әйелдерге қауіпсіз. Жүктіліктің 16 аптасынан бастап 36 аптасына дейінгі аралықта екпе алуға болады. Ол үшін өз емханасындағы егу кабинетіне баруы тиіс.

 

«Өзіңізді және балаңызды қауіпті вирустық инфекцияның асқынуынан қорғаңыз. Вакцина ерікті түрде қойылады, таңдау жасайтын өзіңіз. Ал перинаталдық орталықтың акушер-гинеколог, реаниматолог, неонатолог дәрігерлері сіздерге екпе алуға кеңес береді», - дейді Елена Калюжная.

 

 

 




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.11.2021, 00:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31