Денсаулық

"Снюстің" құрамын тексерген дәрігерлердің төбе шашы тік тұрды

  • © Pixabay

    © Pixabay

Алматы қаласындағы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова снюстарға жүргізілген сараптама нәтижесі туралы айтты. Сараптама нәтижесі дәрігерлердің төбе шашын тік тұрғызған, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

- Азаматтардан шағым жиі түсе бастағандықтан, біз ресейлік және шведтік өндірістегі снюстің 8 түрін сатып алып, жасырын сараптама жүргіздік. Олардан барлығына дерлік денсаулыққа өте зиянды никотиннің жоғары мөлшері анықталды. Сыртқы қаптамасында құрамында никотиннің үлкен дозасы жоқ көрсетілген, бірақ іс жүзінде бар әрі көп. Яғни, мына "соратын кәмпиттің" бір түйірінде никотин мөлшері, мысалы шегетін 4 темекінің дозасына тең, - деді Айзат Молдағасимова zakon.kz тілшісіне.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин елімізде снюстарға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдаған болатын.

Снюс - темекі өнімдерінің бір түрі. Бұл ұсақталған ылғалдандырылған темекі, ол еріннің жоғарғы (аз - төменгі) және төменгі жақтарының астына салып қояды: 30-дан 60-70 минутқа дейін (өндірушілердің айтуынша, 5-тен 30 минутқа дейін). Осылайша темекі никотині ағзаға түседі.

 




Көрілген: 1713    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.12.2019, 16:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29