Денсаулық

"Сонда не үшін керекпіз?!": павлодарлық медбике қазақстандықтарға үндеу жасады

  • © REUTERS / YVES HERMAN

    © REUTERS / YVES HERMAN

Павлодар қаласында жұмыс істейтін Екатерина есімді медбике интернетте теріс пікір жазатын пациенттер мен желі қолданушыларына үндеу жасады. Маман өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, науқастарды емдеп жүрген медбикелеге де оңай емес екенін жеткізді.

 

Оның айтуынша, бүгінде медицина мамандары ауруханаға түскен әрбір науқастың өмірін сақтап қалуға бар күш-жігерін салып жатыр. Пациенттер болса, мұны түсінбейді. Тіпті, дәріні қандай мөлшерде және қалай егу керектігін үйрететіндер бар.

 

"Осы біз, медицина қызметкерлері керекпіз бе? Кей кезде маған керек емес болып көрінеді. Иә, мүлдем керек емеспіз. Өйткені сіздер ем-домды жақсы білесіздер. Дәріні қандай мөлшерде және қалай егу керектігін, тіпті қай жерге салу қажеттігін де айтып отырасыз. Сонда біз не үшін керекпіз? Аяқты сүрту үшін бе?", - деп жазды Екатерина.

 

ФОТО:  www.instagram.com/p/CCtM3qtHcRb/

 

Маман біреудің алғысын күтпеймін дейді. Желіде дәрігерлер туралы жазатын теріс пікірлер жанына қатты батады. Біреулер "Ой, соншама тау қопаратындай не істеп жатыр?" деп жазса, енді біреулер ауруханаға жатқызылған туған-туысы туралы айтып, оған ешбір көмек көрсетілмейтініне арызданып отырады. "Ауруханада бәрібір емдемейді, ал дәріні мен үйде де іше аламын" деп жазатындар да аз емес.

 

"Бізде күнде 4 медбике жұмысқа шығады. Екеуі бекетте отырса, тағы екеуі процедура жасап жүреді. Ал бөлімшеде 70 науқас бар. Әрбіреуіне "система" қойылады, дәрі егіледі, сынама алынады, қан қысымы, сатурация мен дене қызуы өлшенеді. Соның бәрін медбикелер істейді", - дейді Екатерина.

 

Маманның сөзіне қарағанда, ондайда әрбір пациенттің жанында отыруға уақыт жоқ. Ал адамдар көңіл бөлуді талап етеді. Медбикелер науқастың қасында үнемі отырмаса да, іштей алаңдайды, адамның жазылып шыққанын тілейді.

 

"Біз әрбір пациенттің көңіліне қарап, отыра алмаймыз. Оған уақыт жоқ. Бірақ ол адамның жазылып шыққанын тілейміз, соған бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Біз де тұншығып жүреміз. Себебі қорғаныс костюмін шешуге болмайды. Туған-туыстарымыз үшін алаңдаймыз. Олар да ауырып жүр. Соған қарамастан, күнде сізге және сіздердің жақындарыңызға көмек көрсетуге асығамыз", - деп атап көрсетті ол.

 

Осы орайда медбике қазіргі жағдайдың мән-жайын білмейтін пациенттер мен желі қолданушыларына теріс пікір жазбауға өтініш жасады. Алғыс айтпауға да болады. Себебі медицина мамандары үшін ауруханадан шыққан әрбір пациент, құтқарылған әрбір өмір алғыспен пара-пар.


 




Көрілген: 194    Пікірлер: 0

жұма, 17.07.2020, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30