Денсаулық

Соңғы бір аптада эпидемиологиялық жағдай жақсарды - Цой

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

 

Бүгінгі күні әлемде 140 млн-нан астам коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелді. Күніне 700 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 3 млн-нан аса адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,1%-ды құрап отыр. ДДСҰ-ның 5-6 аймағында науқастардың саны өскені байқалады, - деді министр.

 

Оның сөзінше, әлем рейтингінде Қазақстан науқас жұқтыру көрсеткіші бойынша 221 елдің ішінде 110 орында тұр. Ал өлім көрсеткішісі бойынша 107 орында.

 

Бүгінгі күні Қазақстанда 292 250 ПТР тестінің оң (+) нәтижесі бойынша және 51 890 теріс (+) нәтижесі бар науқас тіркелді.

 

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 22 күн бойы республика «қызыл аймақта» тұр. Сонымен қатар 8 аймақ (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және БҚО, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Ақмола облыстары) «қызыл аймақта» тұр. «Жасыл аймақта» Түркістан мен Қостанай облыстары, сондай-ақ қалған аймақтар «сары аймақта» орналасқан, - деп айтты Цой Үкіметте.

 

Министр наурызда елдегі жағдай нашарлай бастағанын жеткізді.

 

Наурыздың аяғынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады, ол кезде апталық вирус жұқтыру алдыңғы аптамен салыстырғанда 46%-ға өсті. Алайда осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда апталық сырқаттанудың өсу қарқынының өткен аптада 46%-дан 6%-ға дейін төмендеу үрдісі байқалады. Өткен аптада өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптаға қарағанда 22%-дан 8%-ға дейін төмендеді, - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 674    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 09:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30