Соңғы тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

23 қараша 2022, 11:36

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 22 қарашадағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Экспресс К.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 92 жағдай тіркелді. Бір күн бұрын 56 адам індетке шалдыққан еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 395 949 жетті.


23 қарашадағы мәлімет бойынша, 771 адам коронавирус инфекциясынан (–617 + және 154 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 120 пациент стационарда, 651 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 6 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы (КВИ+) расталған коронавирус инфекциясынан 13 693 адам қайтыс болды.