Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам көз жұмды

25 қазан 2021, 09:36

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

 

Оған сәйкес 23 қазан күні Қазақстан аумағында 20 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан.

 

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 5 науқас.

 

Қарағанды облысында - 3, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында - 2, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

 

Тек Түркістан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.