Денсаулық

"Спутник V" салдырғандар ревакцинацияда "Спутник Лайт" ала алады - Цой

  • "Спутник V" салдырғандар ревакцинацияда "Спутник Лайт" ала алады - Цой

"Спутник V" екпесін алған қазақстандықтар "Спутник Лайт" екпесін қайта ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цойдың айтуынша, алғашқы вакцинация кезінде алынған препараттармен ревакцинацияға рұқсат етіледі, бірақ бұл Спутник V вакцинасына қатысты емес.

"Бұған дейін алған бірдей вакцинаны ала алады. Яғни жалғастыра алады. Бір мәселе, бұл "Спутник V" емес, өйткені бұлар әртүрлі вакциналар. Ережелерге сәйкес бірінші және екінші дозаларға ұқсас вакциналар болады деп қарастырылған. "Спутник Лайт" бар, бізде де өндіріс жүріп жатыр. Менің ойымша, бұл да жақын арада пайда болады. Бұл "Спутник V" бірінші компоненті", - деп хабарлады Цой ОКҚ брифингінде. 
 
Бұған дейін Қазақстанда азаматтардың коронавирусқа қарсы ревакцинациясы бойынша жоспарлар әзірленіп жатқаны айтылған.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтаған соң 6-9 айдан кейін қосымша доза алу ұсынылады. Соның ішінде:

векторлық (Спутник) екпелерімен вакцинациялаған тұлғалар - белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе М-РНК вакцинасымен (Pfizer) 9 айдан кейін ревакцинация;
белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцинасын алған тұлғалар - векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін ревакцинация;
М-РНК (Pfizer) вакцинасын алған тұлғалар 6 айдан кейін белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat - Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинация;
вакцинацияның аяқталған курсынан кейін КВИ-мен ауырған адамдар сауыққаннан кейін үш айдан соң ревакцинация ала алады.




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 22:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31