Денсаулық

"Спутник V" вакцинасының бір компонентін ғана салдырса не болады

  • "Спутник V" вакцинасының бір компонентін ғана салдырса не болады

"Лайт" нұсқасын салған кезде бір ғана ине салады, соған сәйкес антиденелер қысқа мерзімде шығарылады

"Sputnik Лайт" вакцинасы COVID-19 инфекциясын жұқтыру қауіпін екі есе төмендетеді. Бұл туралы Гамалея ұлттық орталығының директоры Александр Гинцбург "Россия 1" телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

Наурыздың соңында Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының "жеңіл нұсқасын" тіркеді. Оны да Гамалея орталығының мамандары Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірге адамның аденовирустық векторлары платформасында әзірледі. Қазір сынақтың үшінші кезеңі жалғасып жатыр.

"Егер "Спутник V" вакцинасының бірінші компоненті болып табылатын "Лайт" вакцинасын екінші вакцинасыз бөлек қолданса, онда бұл инфекцияны жұқтыру қауіпін 50%-ке, тіпті 60%-ке төмендетуге мүмкіндік береді ", – деді Гинцбург.

"Лайт" нұсқасын салған кезде бір ғана ине салады, соған сәйкес антиденелер қысқа мерзімде шығарылады. Жобамен вакцинадан кейін иммунитет үш-төрт ай сақталады және оның тиімділігі 85%-ті құрайды.

Препарат ең алдымен коронавирус ошағын тез жоюға және ауру жұқтырғандар көбейген кезде тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыруға арналған. "Спутник Лайт" салдырған адам үш айдан кейін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдыра алады, сол арқылы коронавирустан қорғаныс уақыты ұзарады.

sputnik.kz




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 11:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31