Стоматологтар тұрғындарға коронавирус салдарына байланысты үндеу жасады

11 желтоқсан 2021, 01:13

Алматыдағы жағдай туралы онлайн брифинг барысында Қазақстанның стоматология қауымдастығының аймақтық директоры Гүлнар Сәлімова коронавирус салдары некрозға әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус инфекциясы жалпы ағзаға ғана әсер етпейді, сонымен қатар стоматологияда да инфекция салдары байқалатынын көреміз. Күн сайын ауыз қуысының шырышты қабығы ауруларын көріп жүрміз, бұл алаңдатарлық және қорқынышты жайт. Әлемдегі барлық тіс дәрігері бұл жағдайға алаңдап отыр.

Коронавирспен ауырған науқастардың ауыз қуысының зақымдануы туралы конференциялар өткіземіз. Посткоид асқынулары өте ауыр және жиі шырышты тіндердің некрозымен қатар байқалады. Некроз кейде сүйек тініне дейін жетеді. Біз көрсете алатын барлық сурет қорқынышты. Сондықтан, екпе алуды ұсынамыз", - деді Сәлімова.
Өз кезегінде қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин оның салдары қорқынышты екенін айтып, әріптесінің сөзін толықтырды.

"Олар суреттерді көрсету қорқынышты, өйткені бағдарламаны балалар көреді. Өте ауыр асқынулар: жұмсақ және сүйек тіндерінің некрозы, тістердің түсуі. Қорқынышты фильмдерде көрсетуге болады", - деп қосты ол.
 
Сонымен қатар, Бекшин 57 елде жаңа "омикрон" штамы анықталғанын айтты. Олар, негізінен, 20-30 жастағы адамдар мен балаларға әсер етеді.

"Екпеден жиі бас тартатын категория осы. Бұл кездейсоқ емес. Бас санитария дәрігер 6 айдан кейін ревакцинация жасауды ұйғарды. Екпеден кейін аурушаңдық азайғанын көріп отырмыз", - деді ол.