Денсаулық

Талғарда науқастың туысы соққыға жыққан дәрігер әлі бір апта емделеді

  • © CC0

    © CC0

Талғарда қызметтік міндетін атқару кезінде хирургты соққыға жығып, балағаттаған. Бұл жөнінде Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

 

Оқиға 28 ақпан күні Талғар аудандық ауруханасына аппендицит диагнозымен науқас әйелді жеткізу кезінде болған. Науқастың ұлы дәрігермен сөзге келіп, соққыға жыққан. Оқиға салдарынан зардап шеккен дәрігер жабық бассүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуымен травматология бөлімшесіне жеткізілді. Осы факті бойынша шақыру алған полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр. Оқиға құқық қорғау органдарының бақылауында тұр.

 

Видео желіде жарияланып, қызу талқыланды.

 

"Емдеуші дәрігердің айтуына қарағанда, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр. Ол 5-7 күн стационарлық ем қабылдайды", - деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

 

Өз кезегінде, облыстық полиция сот-медициналық сараптама тағайындалғаны туралы хабарлады.

 

"Іс бақылауда, оқиғаға қатысы бар азаматтар анықталды. Соңғы процестік шешім сараптама нәтижесі бойынша қабылданады", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Медицина қызметкерлері өз әріптестерінің оңалу уақыты оның жағдайына қарай үш аптадан бес аптаға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 22:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30