Денсаулық

Таразда вакцина салдырмасаңдар, басқа жұмыс іздеңдер деген басшының басы бәлеге қалды

  • https://www.kt.kz/

    https://www.kt.kz/

"Коронавирусқа қарсы вакцина жасатпасаңдар, басқа жерден жұмыс іздеңдер". Тараздағы №2 қалалық емхананың басшылары қарамағындағыларға сес көрсеткен.

 

Әлеуметтік желіде жылдам тараған бұл видео халықтың наразылығын тудырды. Аталған мекемеде жұмыс істейтін азаматтың бірі жұмыстан қуылатынына қорқып тұрғанын жеткізді.

 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ажар Ғиният бұл мәселе жерде қалмайды деп сендірді.

 

Егерде ақпарат расталып жатса, ведмоства талқылап, тиісті шаралар қабылданбақ. 

 

Айтуынша, жедел түрде жергілікті денсаулық сақтау басқармалары және министрлік тарапынан да қадағаланады.

 

Айта кетейін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Кодексінің 77-бабына сәйкес қазақстандықтар  екпе жасатудан бас тартуға құқылы.

 

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Тараздағы жағдай жөнінде министрлікке келіп түскен ақпараттар бойынша комитетке тапсырма беріліп, тексерістер жүргізіліп жатыр. Әрбір өңірлерде осы министрліктің департменттері бар немесе министрліктің уәкілетті комитеттері бар және санитарлық-эпидемиологиялық комитеттер бар сонда жүгіне алады.  

 

Ал, Талдықорғанда коронавирусқа қарсы ресейлік Sputnik-V вакцинасын қабылдаған медицина қызметкері есінен танып қалған. Денсаулық сақтау вице-министрі оны екпені қабылдаудан қорыққаннан болды деп отыр. Қазір оның жағдайы жақсы екен.

 

Сондай-ақ министрлік осы уақытқа дейін 5700 медицина қызметкері екпе салдырғанын хабарлады. Алғаш болып дәрілік препаратты қабылдаған Ажар Ғиниятқызында да бірнеше симптомы байқалыпты.  

 

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Бірінші тәуліктерде әлсіздік кішкене байқалды. Көп әріптестерім екпені алған осындай симптомдар болғанын айтады. Күрделі аллергиялық реакция болды деген ақпарат біздің министрлікке жеткен жоқ.

 

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 3258    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.02.2021, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30