Денсаулық

Тасмағамбетовтың қызы Семейде жедел ота бөлімін ашты

  • https://arasha.kz/

    https://arasha.kz/

Әсел Тасмағамбетованың “Сәби” қоры Семейде жедел ота бөлімін ашты. Жаңа медицина құралдарымен жабдықталған ота бөлімінің ашылуына Әсел Тасмағамбетов және оның күйеуі Кеңес Рақышев қатысқан деп хабарлайды arasha.kz.

 

Әсел Иманғалиқызының айтуынша, Семейдегі жалғыз балалар ауруханасына күрделі жөндеу 1972 жылы жүргізілген, ал жабдық 1985 жылдан бастап жаңартылмаған. Бірақ жұмысын тоқтатпаған аурухана дәрігерлері былтыр 1400 шұғыл ота жасаған.

 

Семейдегі жедел ота бөлімі хирургияға қажетті заманауи әрі технологиялық жабдықпен жарақталған. Онда медициналық газдарды тарату және бұру жүйесі, жайлардың зарарсыздандырылған тазалығын қамтамасыз ететін ламинарлы ағын, шағын инвазиялық оталар жасауға арналған лапароскопиялық жабдық, наркоздық-тыныс алу және өкпені жасанды желдету аппараттары, электрокоагуляторлар, дефибрилляторлар, реанимациялық мониторлар, УДЗ, ЭКГ және ЭЭГ аппараттары орнатылған. Сондай-ақ, педиатриялық бронхофиброскоп, Илизаров аппараты, маңдай бинокулярлық лупалары, эндоскопиялық тігу аппараттары, хирургиялық құралдар жиынтықтары және басқа да реанимациялық, хирургиялық және терапевтік жабдық сатып алынған.

 

“Сәби” қоры медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасын бастаған. Былтыр Алматыда, биыл Семейде ашылған екі ота бөліміне 422 000 000 теңге жұмсалған.

 

Әсел Тасмағамбетов белгілі саяси тұлға, ұзақ жылдар лауазымды қызмет атқарып, жақында зейнетке шыққан Иманғали Тасмағамбетовтың қызы. Әсел Иманғалиқызының күйеуі Кеңес Рақышев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің қатарына кіреді.

 




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29