Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тегін емханаларда ем нашар болғандықтан, ақылысына барамыз

30 желтоқсан 2022, 16:42

Атырауда азаматтарды әлеуметтік медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету және медицина мекемелері көрсететін қызметтердің сапасы мәселелеріне арналған жиын өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақ жайыққа сілтеме жасап.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) Атырау филиалының директоры Байтолла ҒАЗИЗОВТЫҢ хабарлауынша, жыл басынан бері филиалға медициналық қызметтің сапасыздығына, негізінен алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қатысты 348 шағым түскен.

 

– Дегенмен, тексерулерден кейін оның 219-ы негізсіз болып шықты. Қалған жағдайларда азаматтардың арыз-шағымдары расталып, жіберілген кемшіліктерді жою шаралары қолға алынып, бірқатар дәрігерлерге тәртіптік жаза қолданылды, – дейді Б.Ғазизов.

 

Оның айтуынша, кездесулер барысында тұрғындар ӘМСҚ аясындағы медициналық қызметтердің сапасыздығынан өздерінің ақылы емханаларға жүгінуге мәжбүр екендерін жиі айтып шағымданады.

 

Төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ жағдайды жақсарту бойынша тапсырма берді.