Темекі несімен зиянды?

Темекі несімен зиянды?

Темекі тартудың адамның денсаулығына қаншалықты залалы бар екендігін жұрттың бәрі біледі. Темекінің құрамында болатын никотиннің бір грамы жылқыны сеспей қатыратынынан да жұрттың көбі хабардар. Бірақ бұл жай өмір бойы темекі тартып, өкпесін темекі түтінімен улап келе жатқан темекішілердің қаперіне де кірмейді.

Біз темекі зиянды дегенді жиі айтамыз, ол туралы баспасөзде жазылып, ақпарат құралдарында беріліп те жатады, бірақ темекінің нақты қандай залалдары бар екендігіне онша назар аудара қоймаймыз. Темекі несімен залалды? Осыған орай, медицина мамандарының пікіріне назар аударып көрсек.

Темекі тартатын адам темекі түтінімен бірге ішіне: аса улы зат саналатын мышьякты тартады екен. Мышьяк жүрек және қатерлі ісік ауруларына соқтырады. Сонымен бірге, сигарет түтіні арқылы өкпеге тағы бір химиялық улы зат – формольдегид енеді. Формольдегидтен медицина саласында өлген адамның денесін қатырып тастайтын формалин деген зат алынады. Темекі арқылы ағзаға енген формальдегид адам ағзаларын қатырып, қалыпты жұмыс ырғағын бұзады. Темекі арқылы ағзаға түсетін улы заттардың бірі – полоний. Радиациялық элемент саналатын полоний ұзақ жылдар темекі шегетін адам ағзаларында қауіпті деңгейге дейін жиналып, залалды әрекеттерін жасап жатады. Лейкоз және онкологиялық ауруларға себеп болатын бензол элементі де темекі түтіні арқылы келеді. Сигарет түтіні арқылы темекі шегетін адам өкпесіне смоланы тартып, жинақтайды. Ол смола түйіршіктеніп, өкпе жұмысын ауырлатады, қара дақтар пайда болады. Темекі тартатын адамның қатты жөтелетін себебі де осыдан екен.

Темекі түтінінің құрамында бұдан бөлек: аммиак, бутан, метан, метанол, азот, күкірт қышқылы, көмір қышқылы, ацетон, қорғасын, радий, цезий, фенол, индол, карбазол, цинк, альюминий, хром сияқты элементтер бар екен. Осыған қарап, япырым-ай, темекінің құрамында Менделеев кестесіне кіретін барлық элементтер бар екен-ау, деп қайран қаласың. Әрине, бұл химялық элементтер жәй тұрғанда адамдарға еш залалы жоқ, керісінше түрлі салаларда қолданылып, өндірісті өркендетуге игі ықпалын тигізеді. Бірақ та, темекішінің түтіні арқылы оның өкпесіне енген сонша химиялық элемент әлгі адамның ағзасының жұмыс ырғағын бұзып, түрлі ауруларға ұшырауына түрткі болады, өмір жасын қысқартады.

Енді темекінің адам ағзаларына тікелей тигізетін залалына тоқталайық. Медициналық сарапшылардың айтуынша, темекі тартатын адамның ми жұмысы нашарлап, жады, яғни есте сақтау қабілеті төмендейді. Екінші залалы: көру қабілеті нашарлайды. Темекі түтінінен көздің көру қабығы сұрғылттанып, кейін келе мүлдем көрмей қалу қаупін туғызады. Жастайынан темекі тартқан ерлер мен әйелдерде тұқымсыздық дерті пайда болып, дүниеге ұрпақ әкелу мүмкіндігінен айрылады. Темекінің тыныс алу, зат алмасу, тірек қозғалыс жүйесінің жұмыстарына кері әсері барлығы тағы бар.

Соншама залалы бар, ешқандай да пайдасы жоқ темекіні адамдар неге шегеді? Бұның ең басты себебі ретінде адам санасындағы тәуелділік деп аталатын түрлі әдеттерге байланып қалу қасиетін атап өтуге болады. Жас шағында біреу әлдекімдерге еліктеп, енді біреу артық салмақтан арылтады деген үмітпен немесе жұрттың бәрі шегіп жатыр, сән үшін мен де шегейін деген ниетпен жаман әдетке үйір болады. Ал бір әдеттеніп алған соң-ақ, темекіні тастау өте қиынға айналады. Темекіні тастағысы келіп, бірақ жаман әдеттен арыла алмай қиналып жүретін адамдар аз емес. Әрине, бұл арада негізінен бәрі адамның бойындағы ерік күшіне байланысты болатыны анық. Ерік күші бар адамдар еш қиналмай-ақ, темекі тарту сияқты залалды әдетін тастап кете алады. Ал ерік күші аз жандарға ол өте қиын, тіпті мүмкін болмай қалады.

Темекі тартудың адам ағзасына тигізетін жоғарыда айтқан залалдарынан бөлек, қазіргі ақша билеген нарық заманында қалтаға салмақ түсіретін жағы да бар. Бүгінде ең арзан бір қорап темекі – 380 теңге тұрады екен. Күніне бір қорап темекі тартатын болсаңыз, 11400 теңгені ай сайын желге ұшырасыз. Бұл – бір. Екіншіден, темекіні қазір тек арнайы орындарда ғана тартуға рұқсат етілген. Ал көшеде, арнайы белгіленбеген орында темекі тартсаңыз, Әкімшілік Кодексінің 336-1 бабына сай, бір айлық есептік көрсеткіш немесе 2500 теңге айыппұл төлейсіз. Егер осындай жағдай тағы қайталанса, онда 2-ден 5 айлық көрсеткішке дейін айыппұл төлеп құтыласыз. 5 айлық көрсеткіш дегеніңіз 12500 теңге көлемінде.

Темекі бағасы Үкімет шешіміне сай, жыл санап қымбаттайтын болады. Атап айтқанда: ең арзан сигареттің қорабы 2019 жылдың қаңтарынан бастап 380 теңге, 2020 жылдың қаңтарынан бастап 420 теңге, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 460 теңге, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 500 теңге болмақшы.

Соңғы кезде электронды темекі деген шығып жатыр. Ол залалсыз екен және үнемді дейтіндер бар. Шындығында, электронды темекінің залалы жәй темекіден де артық болып шыққан. Осындай электронды тенмекі өндіретін АҚШ-тың Калифорния штатындағы ірі компанияның басшысы таяуда қызметінен өз еркімен кетті. Бұған себеп: электронды темекіден уланып, қайтыс болған жас қыздар мен жігіттер санының күрт өсуі болыпты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын бір күнді, атап айтқанда 19 қарашаны – Темекіден бас тартудың халықаралық күні деп жариялады. Темекі өндіретін барлық компаниялар сигареттің сыртына «темекі сіздің өміріңізге қауіпті» деп жазуға міндеттелген. Бұның бәрі темекінің адамзатқа үлкен қатер төндіруіне байланысты жасалған шаралар. Соның бәріне қарамастан, темекі тартып, өз денсаулығын құртып, өмірін қысқартып, қалтасына салмақ түсіріп жатқан жандарға қарап, темекіге тәуелділіктің қаншалықты қатерлі екенін бағамдайсың. Тағы бір алаңдарлық жай, жыл өткен сайын темекі шегетіндердің қатарында жастар, оның ішінде қыз-келіншектердің санының өсіп бара жатқаны байқалуда. Көшеде темекі тартып тұрған жап-жас бойжеткендер мен, мектеп жасындағы бозбалаларды жиі көресің.

Мына жайға назар аударып қараңыз: тамақ ішпеген адам аштан өледі, су ішпесеңіз шөлден өлесіз, ауа жетпесе, тұншығып өлесіз, ал темекі шекпей-ақ, ұзақ жылдар өмір сүріп жатқандар көп. Яғни, темекі адам үшін қажеттілік емес. Ендеше, осы адам ағзасына еш қажеті жоқ, әрі залалды нәрсеге байланудың жөні бар ма?

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста