Денсаулық

Теміртауда дәрігерлер марқұмға "вакцина салынды" деп есеп берген

  • Иллюстрация. © pexels.com

    Иллюстрация. © pexels.com

Қарағанды облысында қайтыс болған адамға вакцина салынды деп құжат толтырған медицина мамандарына қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Қарағанды облыстық Полиция департаменті медицина қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 385-бабы "Көрінеу жалған құжат жасау және сату" бойынша істі тергеп жатыр.

 

Бұл факт Қарағанды облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті COVID-19 вакцина алғандардың арасында коронавирус инфекциясынан болатын өлім-жітімге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

 

"Теміртау қаласының 59 жастағы тұрғыны жұқпалы аурулар госпиталіне жатқызылғанға дейін вакцинаның бірінші компонентімен егіліп қойған деп белгіленгендер арасында бар болып шыққан. Бес күннен кейін бұл азамат COVID-19-дан қайтыс болды. Алайда, ол қайтыс болғаннан кейінгі күні базада ер адам вакцинаның екінші компонентін алды деген есеп пайда болған. Бұл, әрине, олардың алғашқы вакцинаны алуына күмән келтірді", - деп түсіндірді полиция департаментінің тергеу бөлімінің бастығы Алмаз Саламатов.

 

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті инстанцияларға сауал жолданды. Тергеу барысы Облыстың ПД басшылығының бақылауына алынды.

 

 

 




Көрілген: 928    Пікірлер: 0

жұма, 27.08.2021, 09:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31