Денсаулық

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны 160-қа жетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны 160 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 226 адам тіркелген. Соның ішінде Теңіз кен орнында Covid-19 індетінің тағы 15 жаңа жағдайы тіркелді.

 

Науқастар арасында он ер адам және бес әйел бар. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар.

 

Алгоритмге сай, жұмыс орнынан шығар алдында қызметкерлерден анализ алынған. ПТР диагностикалық тестілеу нәтижесінде Covid-19 диагнозы расталды.

 

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

 

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошағына дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Еске сала кетелік, бүгін, 6 мамырда Атырау облысында 226 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Оның ішінде 160 адам - Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Қауіпті індеттен 78 адам емделіп шықты.

 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 17:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31