Денсаулық

Тілдің қызаруы қауіпті аурудың белгісі екені анықталды

  • Тілдің қызаруы қауіпті аурудың белгісі екені анықталды

    Тілдің қызаруы қауіпті аурудың белгісі екені анықталды

АҚШ-тағы Ұлттық жүрек, өкпе және қан институтының (NHLBI) мамандары тегіс, майлы және қызарған тіл қауіпті аурудың белгілері болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл туралы NHLBI сайтында жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тілдің қызаруы В12 дәрумені жетіспеушілігінің белгісі болуы мүмкін. Оның жетіспеушілігі зиянды анемия қаупін арттырады. Мамандардың айтуынша, ағзаға сау эритроциттерді және жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын жүргізу үшін B12 дәрумені қажет.

 Сонымен қатар бұл дәруменнің жетіспеушілігі нервтерді зақымдап, қолдар мен аяқтардағы шаншу мен жансыздануды, бұлшықет әлсіздігін және рефлекстердің жоғалуын тудыруы ықтимал.

 "Сіз өзіңізді тұрақсыз сезініп, тепе-теңдікті жоғалтуыңыз  және жүру кезінде қиындықтар туындауы мүмкін", - деп жазады мамандар.

Сарапшылардың сөзінше, В12 витаминінің қатты жетіспеушілігі неврологиялық проблемаларды тудыруы мүмкін, мысалы абыржу, алжу, депрессия және есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Басқа белгілер: жүрек айнуы және құсу, ентігу, іштің кебуі, іш қату немесе диарея, тәбеттің төмендеуі. 

Витамин жетіспеушілігінің белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну керек.

Айта кетейік, сиыр еті, бауыр, құс еті мен балық, жұмыртқа, сүт, йогурт, ірімшік В12 дәруменіне бай.

Stan.kz




Көрілген: 1750    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 16:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31