Денсаулық

Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

  • Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

    Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Мемлекет басшысы барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатқанына тоқталды

Президент қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды.

"Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары мен карантин шараларын сақтауға шақырамын", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Президент үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейтінін атап өтті.

"Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты", - деді ол.

Министр үш сценарийді атады


Бұған дейін денсаулық сақтау министрі елдегі пандемияға қатысты үш сценарийді жариялаған болатын. Оған сәйкес, пессимистік болжам дәл келсе, Қазақстанда локдаун желтоқсанның ортасында, ал реалистік сценарий кезінде қаңтарда енгізіледі.

Қазіргі уақытта елде 3 461 адам коронавирусқа қарсы ем қабылдап жатыр, 313-і - бала. 135 науқастың жағдайы ауыр, тоғыз адам аса ауыр халде, он алты науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

1 тамыздан бері 37 574 адам коронавирустық пневмонияға шалдықты. 399-ы қайтыс болды, 28 687 адам жазылып шықты.

sputnik.kz




Көрілген: 1399    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30