Денсаулық

Төрегелді Шарманов халықты қол алысып амандасудан бас тартуға шақырды

  • Төрегелді Шарманов халықты қол алысып амандасудан бас тартуға шақырды

    Төрегелді Шарманов халықты қол алысып амандасудан бас тартуға шақырды

Қазақстандықтарға қол алысып амандасудан бас тартып, қазақтың көнеден қалған дәстүрі "иіліп сәлем беруді" қайта жандандыру ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Төрегелді Шарманов. Фото: kaznmu.kz

Төрегелді Шарманов. Фото: kaznmu.kz

Ұсынысты С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрметті профессоры, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов жасаған.

Әлеуметтік желіде профессордың осыған қатысты видеосы белсенді түрде тарап жатыр.

"Қазақтардың бұрын амандасу дәстүрі болған – қолын көкірекке қойып, иіліп сәлем салу. Ал қазір барлығы қол алысып амандасады. Бұл өте қауіпті. Ол адам қайдан шықты? Ал егер оның қолын алмасаң менсінбей кеткендей боласың. Ал бұл бірінші кезде гигиеналық тазалық, денсаулық кепілі", - дейді Төрегелді Шарманов.

Айта кетсек, қазір көптеген елде коронавирустың таралуынан соң қол алып амандасуды шектеп жатыр. Мәселен, Германияның ішкі істер министрі Хорст Зеехофер коронавирусқа байланысты қол алысудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын жеткізген.

 
 

Министр тіпті, жақында ел канцлері Ангела Меркельмен де қол алысып амандасудан бас тартқанын жазған едік.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясы Қытайдан бөлек әлемнің 72 елінен анықталған. Сондай-ақ дүние жүзі бойынша 10 556 адам аталмыш індетті жұқтырып алған. Одан бөлек, 37 адам коронавирустан көз жұмған.

Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр.

 

 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.03.2020, 20:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31