Денсаулық

Төртінші толқын: Бекшин COVID-19 шарықтау шегі қай айда болатынын айтты

  • ©Azattyq Ruhy

    ©Azattyq Ruhy

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин төртінші толқын аясында коронавирустың таралуына қатысты болжамын бөлісті.

 

Бекшиннің айтуынша, коронавирустың шарықтау шыңы жаздың аяқ кезінде болады.

 

"Бұл шамамен тамыз айының басы мен орта кезінде болады деп ойлаймыз. Ал қыркүйек айының басында көрсеткіш төмендеуі тиіс", - деді ол брифинг кезінде.

 

Қаланың бас санитар дәрігері вакцинация қарқынын жылдамдатудың маңыздылығына тоқталды. Осының арқасында оқу жылының басында халықтың иммунитеті қалыптаса бастайды.

 

Сондай-ақ, Бекшин екпе пунктерінде вакцинаға таңдау аз дейтіндерге жауап берді. Ол қолда барын салдыру керек деп отыр.

 

"Біз екпе пунктерін дүкенге айналдыруды мақсат етіп отырған жоқпыз. Үкімет тегін вакцина ұсынды. Ол - "Спутник V". Қазіргі уақытта бізде вакцина жеткілікті. Бүгін таңертең қорда 40 мыңы қалды. Вакцина кестеге сай жеткізіліп жатыр, қор толығуда", - деді Бекшин.

 

"Спутник V"-мен қатар QazVac вакцинасын салдыруға болады. 2 шілде таңертеңгі мәлімет бойынша екпе пунктерінде 2 657 дозасы болған. CoronaVac вакцинасы да бар.

 

Бас санитар дәрігер Hayat-Vax вакцинасы Қазақстанға тек бір рет жеткізілгенін атап өтті.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 6120    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 19:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30