Денсаулық

Тіс жібінің денсаулыққа қауіптілігі анықталды

  • Тіс жібінің денсаулыққа қауіптілігі анықталды

    Тіс жібінің денсаулыққа қауіптілігі анықталды


Америкалық ғалымдар тіс жібінің құрамында адамға улы болуы мүмкін (PFAS) полифторалкиловты заттар бар екенін анықтады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.


Тіс жібінің денсаулыққа қауіптілігі анықталды


РFAS суға және майға төзімділігінің арқасында көптеген тұрмыстық өнімдерде қолданылады. Сонымен қатар, олар улы қасиеттеріне байланысты адам денсаулығына қауіпті. Олар иммундық жүйені тежей отырып, жануарлар мен адамның биологиялық тіндеріне жинақталуы мүмкін. Сөйтіп, ол бүйрек пен аналық бездің қатерлі ісігін тудырып, бедеулік және балалар мен ересектердің көптеген ауруларға шалдығу қаупін арттырады.


Бұл заттың қауіптілігін ескере отырып, ғалымдар әртүрлі тұрмыстық тауарларды пайдаланудың және ағзасынан PFAS-тың алты түрі табылған орта жастағы 178 әйелдің өзара байланысын зерттеді. Олардың жартысы афроамерикалық әйелдер болды. Сөйтіп ғалымдар қан үлгілері 2010-2013 жылдары алынған және 2015-2016 жылдары олардың өздерінің өмір салты туралы айтып берген сауалнамалары негізінде зерттеу жүргізді.


Ал тәжірибе барысында африка-американдық қатысушылардың қанында перфтороктан және перфторгексан сульфон қышқылы сияқты заттардың концентрациясы басқа еріктілердікіне қарағанда төмен екені анықталды. Сонымен қатар, PFAS-мен қапталған картон контейнерлерден тағам тұтыну осы топтағылардың ағзасында құрамында төрт түрлі фтор бар заттардың көп болып шыққанын көрсетті.


Сондай-ақ, ластанудың тағы бір көзі – құрамында фторы бар химиялық заттарды жабынды ретінде қолданатын бірнеше өндірушілердің тіс пастасы болмақ. Бірақ, ғалымдар тіс жібін пайдаланудың денсаулыққа қатысты қиындықтарға байланысы бар ма, жоқ па білмей отыр.







Stan.kz 










Көрілген: 1172    Пікірлер: 0

сенбі, 12.01.2019, 18:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30