Денсаулық

Цой бас санитария дәрігерінің даулы шешіміне қатысты пікір білдірді

  • https://dsp38.moscow/

    https://dsp38.moscow/

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының екі компонентін алу аралығы неге өзгергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Журналистер Алексей Цойдан "Вакцинация кезеңдері арасының 90 күнге дейін ұлғаюы Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинаны уақытында жеткізуге үлгермей жатыр дегенді білдіре ме?" деген сұраққа жауап беруін сұрады.

 

Министр мұның ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

 

"Бізге Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының вакцина жасаушыларынан хат келді, онда: "Ресейде, Аргентинада және басқа елдерде  Спутник V-мен жаппай вакцинациялаудан алынған мәліметтер негізінде аденовирус платформасында вакциналарды қолдану нәтижелері бойынша, бірінші және екінші компонент арасын ең аз дегенде 21 күннен 90 күнге дейін арттыруға болады" деп жазылған.

Сондай-ақ, бұл жерде аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтіні, ал кейбір жағдайда күш пен ұзақтықтың артуына әкелетіні көрсетілген. Осы құжаттың негізінде біз санитар дәрігердің қаулысына осындай өзгерістер енгіздік", - деп түсіндірді Цой.

 

Ол вакцинация өз қарқынымен жүріп жатқанын айтты.

 

"Біз орта есеппен 45 күн деп алдық. Бұл ретте, қажеттілік болса, қазақстандықтар 21 күнге өтінім бере алады. Бізге қажет иммунитетті негізгі бірінші компонент тудырады, әрі қарай вакцинация әсерін бекіту үшін екінші компоненттен иммунитет аздап жоғарылайды", - деп түсіндірді ол.

 

Еске салайық, "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін белгілі бір себептермен 45 күн ішінде салдырып үлгермегендерге 90 күнге дейін уақыт берілетіні хабарланған болатын. Бұл тармақ Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына енгізілді. Вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі.

 

 




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.05.2021, 17:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30