Денсаулық

Цой қандай дәрілер тегін болатынын айтты

  • Цой қандай дәрілер тегін болатынын айтты

    Цой қандай дәрілер тегін болатынын айтты

Бұл туралы бүгін «Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Бүгінде еліміз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген. Ауруханаларда КВИ емдеуге арналған дәрілердің айлық қоры, «СҚ-Фармация» қоймаларында және дәріханаларда – екі айлық қор қалыптастырылған. Барлық өңірде 18 млрд теңгеге дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорлары құрылды, - деп сендірді Алексей Цой.
Министр ауруханалар мен дәріханаларға жүктемені азайту мақсатында тамыз айынан бастап амбулаториялық деңгейде КВИ емдеу үшін 1 млн пациентке қор бар дәрілердің 5 түрі тегін берілетінін айтты.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлескен жұмыс жүргізілді, нәтижесінде 232 антиковидті препараттардың құны орта есеппен 27%-ға төмендеді. Медициналық маскалар еркін сатылымда орта есеппен 20 теңгеден сатылады, қоймаларда 21,5 млн дана көлемінде жеткілікті қор қалыптастырылған. Медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген, өңірлердің әкімдіктері 3 айлық қорды қалыптастырды, - деді ол.


Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ

BAQ.KZ тілшісі




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31