Денсаулық

Цой Қазақстанда қайта вакциналау науқаны қалай және қашан өтетінін айтты

  • © AFP 2021 / THEO ROUBY

    © AFP 2021 / THEO ROUBY

Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп азаматтарды коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналау тәсілдерін әзірледі. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның отырысына енгізілді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

 

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаудың толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң қосымша дозаны алу ұсынылады", - деп жазды Цой Facebook парақшасында.

 

Ревакциналау 2021 жылдың қарашасының үшінші онкүндігінде басталады деп жоспарланып отыр.

 

Министр ревакциналау кезінде кімге қандай вакцинаны егуге болатынын түсіндірді:

 

векторлық (Спутник) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады;

 

инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналарын салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады;

 

м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинасын қайта салдыра алады;

 

вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғаннан кейін үш айдан соң қайта вакциналаудан өтеді.

 

Ревакциналаудан кімдер өту қажет

 

тәуекел топтары (медицина қызметкерлері, педагогтар, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері);

 

60 жастан асқан адамдар;

 

зерттеуден өз бетінше өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге тест нәтижесі теріс болған адамдар. 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 17:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31