Денсаулық

Цой коронвирусқа байланысты жаңа болжам жасады

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустық инфекцияның елде таралуының оптимистік және шынайы жағдайы туралы айтты.

 

Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинамен қамтуды ескере отырып, КВИ-дің таралуының болжамын жаңартып отыр. Оптимистік сценарий бойынша қарайтын болсақ, егер вакцинация кесте бойынша жалғаса берсе, онда тәулігіне 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Сосын сәуір айының соңында ең жоғары деңгейге жетеді деп күтіліп отыр. Ал жағдайға нақты қарасақ, вакцинациямен қамту осы қарқында болса, онда тәулігіне дейін 4 мыңға дейін адам жұқтыруы мүмкін.  Короновирустың шарықтау шегі мамыр айының ортасына барады деп ойлаймыз, - деді Алексей Цой үкімет отырысында.

 

Ол бірінші кезеңде вакцинацияның әсері иммунитетті дамыту үшін қажет уақытпен шектелетінін атап өтті.  Кейіннен әсері артып, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына себеп болады.

 

Еске салайық, 22 күн бойы ел «қызыл» аймақта болды.  «Жасыл» аймақта тек Түркістан мен Қостанай облыстары бар.

 

Сондай-ақ министр Қазақстанда мектеп оқушылары арасында COVID-19-ды жұқтырғандар көбейгенін айтқан болатын.

 

Естеріңізге сала кетейік,  20 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 733 980 адам вакцина салдырды.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 10:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30