Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырды

17 мамыр 2021, 22:08

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 21 күннен кейін QazVac вакцинасының екінші дозасын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"QazVac вакцинасының екіншісін алдым. Бірінші рет салдырғандағыдай, жағдайым жақсы. Жанама әсері байқалмады. Вакцина - пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Дендеріңіз сау болсын! Өзіңізді сақтаңыз!" - деп жазды министр Facebook-парақшасында.

 

 

Айта кетейік, Алексей Цой коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасының алғашқы дозасын 26 сәуірде тікелей эфирде салдырған болатын.