Денсаулық

Тісті кімдер тегін емдете алады?

  • Тісті кімдер тегін емдете алады?

    Тісті кімдер тегін емдете алады?

Тісті тегін емдеткіңіз келе ме? Біле жүріңіз. Бұл тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін мемлекет есебінен жеңілдік алған азаматтар қатарында болсаңыз болғаны. Стоматологиялық қызметке жүгіну үшін алдымен қайда бару керек?

Тіс ауырса, алып ұшып ақылы емханаларға жүгіретіндер бар. Оны емдетудің қай түрі болмасын қалтаңа салмақ салады. Алайда қазір белгілі бір санаттағы адамдарға стоматологиялық қызметтер тегін.

Тек ақпаратқа қанық болған абзал. Мемлекет есебінен жеңілдік алған адам болсаңыз, бұл ем-шараның барлығы МӘМС аясында ақысыз жасалады. Жарымжан бала өсіріп отырған жұмыссыз жандар да осы көмекті тегін ала алады.

Нұрлыбек Қабдықапаров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» қалалық филиалының директоры: - Бізде МӘМС қалалық филиалы елордада 36 емдеу мекемесі болатын болса, солардың барлығымен келісімшарт жасап, қадағалап отырамыз. Осы бір жылдан аса осы стоматологиялық көмектің бәрі медициналық алғашқы медкөмек жасайтын емханалар қосалқы келісімшарт арқылы көмек жасайды. Емдеу емханалары сол стоматологиямен жұмыс істейді.

Елімізде ересектермен қатар балалар арасында да тіс жегісі мен оның асқынған түрі өте көп кездеседі дейді мамандар. Бұл ең әуелі ауыз қуысын дұрыс күтпегеннен болады. Жұмсақ тағамның да әсері бар. Тіс құртының алдын алмаса, буыны бекімеген баланың жақ сүйегіне дейін қисайып, тісі өспей қалуы мүмкін көрінеді. Сондықтан тіс ауырған бойда жергілікті тіркелген емханаға барып, дәрігерден стоматологияға жолдама алу қажет. Жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған балаларға бұл қызметтің барлық түрі ақысыз. Медициналық сақтандыруда арнайы үш пакет қарастырылған.

Жанар Қазыбекқызы, қалалық штаттан тыс бас тіс дәрігері: - Өзінің тіркелген емханасы бойынша барып дәрігерінен жолдама алады. Қазір карантинге байланысты сол стоматологияға жазылады. Профилактикалық жұмыс өте маңызды. Сондықтан жарты жылда бір рет тіс дәрігерге көріну керек.

Тісі таза, сау адамның - дені сау. Балалардың тісін 2 жастан бастап, күту керек. Аурудың алдын алу мақсатында емханада ремтерапия жасатуға болады екен. Яғни, минералдық лакпен қаптатса болады. Ал шұғыл түрде ем қажет болған жағдайда Медициналық сақтандыру пакеті бойынша науқасқа талон беріледі.

Айнұр Қуатқызы Ерзат Зайтхан




Көрілген: 537    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 13:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31