Денсаулық

Тұмау тарайтын уақытта коронавирустың да белсенділігі байқала бастады - дәрігер

  • Тұмау тарайтын уақытта коронавирустың да белсенділігі байқала бастады - дәрігер

    Тұмау тарайтын уақытта коронавирустың да белсенділігі байқала бастады - дәрігер

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мәдеева тұмау тарайтын маусым жақындаған сайын COVID-19-дың да белсенділігі байқалып жатыр деген пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15876 жағдайы тіркелген. Оның 9583-інде ауру белгілері болса, 6293-і симптомсыз болып шықты.

Ж.Мадееваның айтуынша, ауру жұқтырып, сырқаттанудың ең жоғарғы көрсеткіші 2020 жылдың шілде айында болды. Шілдеде реанимация бөлімшелеріндегі пациенттердің үлес салмағы 4% болды (стационардағы 1691 пациенттің 65-і), бұл қазіргі кезбен салыстырғанда 3 есе аз.

«Бұл факт аурудың агрессивті бола бастағанын көрсетеді. Жағдай аз уақыттың ішінде қиындап кетуі ықтимал. Бұл коронавирус инфекциясының басқа суықтан болатын аурулармен бірге жүруімен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдай диагнозды растау үшін науқастардың медициналық ұйымдарға кеш келуіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тағы да еске салғым келеді. Аурудың алғашқы белгілері кезінде өзін - өзі оқшаулау бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдап, аумақтық емханаға хабарласып, дәрігерді шақыру қажет», - деді ол.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/tumau-taraytyn-uakytta-koronavirustyn-da-belsendiligi-baykala-bastady-dariger_a3724126




Көрілген: 627    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 02:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31