Денсаулық

Тұмаудан сақтанудың тиімді әдісі қандай?

  • Тұмаудан сақтанудың тиімді әдісі қандай?

    Тұмаудан сақтанудың тиімді әдісі қандай?

Астана медицина университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті, дәрігер-инфекционист Баян Тұрдалина тұмаудан сақтанудың тиімді әдісіне тоқталды. Ол бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

&ndash ЖРВИ-дің ішінде тұмау вирусы қауіпті инфекциялардың бірі саналады. Ол әсіресе, ерте жастағы балалар, жүкті әйелдер мен қосалқы аурулары бар егде жастағы адамдарда ауыр ағыммен сипатталады. 

Жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әдісі &ndash екпе. Сондықтан тұмау вирусына қарсы екпе алған жөн. Бұған қоса міндетті түрде алдын алу, сақтық шараларын мейлінше ұстану да қажет. Ең алдымен әлеуметтік арақашықтықты толықтай сақтауға тырысу керек. Күн­делікті тамақтану режиміне де баса мән берген жөн. Қоғамдық орындарда мін­детті түрде маска тағып, қолды антисептикалық ері­тіндімен жиі тазалап отырған дұрыс. Ағзаның тәуліктік физиологиялық су қажет­тілігін пайдалану керек. Таза ауада серуендеудің де пайдасы зор. Егер жедел респираторлы вирусты инфекциялар мен тұмаудың белгілері байқалса, дәрі­гердің көмегіне жүгіну қа­жет, &ndash дейді Б.Тұрдалина.

 

Аурудың асқынуы неге әкеледі? 

Сондай-ақ инфекционист маман балалар арасындағы коронавирус туралы айта кетті.

&ndash Жалпы, балаларда COVІD-19 көбінесе жеңіл фор­мада өтеді. Алайда, шетелдік мамандардың па­йымдауынша, COVІD-19 ауруының өршу кезеңін өт­керген елдерде уақыт өте ке­ле балалар арасында кө­бінесе ауыр формада өтетін мультижүйелі қабыну синдромы (MІS-C) кездесіп жатыр. Аталған дерт жайлы ақпарат әртүрлі. Дегенмен бұл балалардағы CОVІD-19-дың сирек кездесетін асқынуы болып саналады.

 

MІS-C жұқтырған көптеген балада ауру белгілері толық немесе толық емес Кавасаки ауруының (KD) критерийлеріне сәйкес келеді. Алайда таралу ерекшелігі классикалық Кавасаки ау­руынан өзгеше. MІS-C жағдайларының көпшілігі бұрын сау болған балаларда және жасөспірімдерде тіркелген.

 

Мультижүйелі қабыну синдромы кезіндегі негізгі және барлық балаларда кездесетін клиникалық симп­том &ndash ұзақтығы орташа ал­ғанда бес күнге дейін со­зылатын тұрақты қызба. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының зақымдану белгілері (іштің ауыруы, құсу, диарея), бөртпе, конъюнктивит, шырышты қабықтың зақымдануы сынды симптомдар жиі кездеседі. Нейрокогнитивті белгілер (бас ауруы, тежелу, шатасу), тыныс алудың қиындау белгілері, тамақ ауруы, миалгия (бұлшық ет ауруы), аяқ-қолдардың ісінуі, лимфаденопатия (лимфа түйін­дерінің ұлғаюы) сынды бел­гілер сирек болса да кез­десіп жатады. Сондықтан балаларыңызда жоғарыда аталған белгілерді байқасаңыздар, міндетті түрде мамандардың көмегіне жү­гінулеріңізді сұраймыз. Дер кезінде ауруханаға жатқызу және медициналық көмек мультижүйелі қабыну син­дро­мының асқынуларын ал­дын алып, баланың денінің сау болуын қамтамасыз ете­ді, &ndash дейді ол.

 

«Сақтансаң сақтайды...» 

Дәрігер COVІD-19 инфекциясынан қорғанудың басты талаптарымен қоса оның маңыздылығын да түсіндірді.

 

«Біріншіден, мүмкіндігінше отбасылық мерекелер, той-томалақтарды шектеген дұ­рыс. Бұл шара арқылы біз егде тартқан адамдардың, қауіп тобындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаймыз.

 

Екіншіден, жеке гигиеналық талаптарды қатаң сақ­тау қажет. Бұл кез кел­ген инфекциялық аурудың алдын алу жолы саналады. Қолды кемінде 20 секунд сабынмен жуу, көп адам шоғырланған жерде маска тағу, антибактериалды ерітінділермен қолды жиі өңдеп отыру, сондай-ақ түшкіру, жөтелу кезінде респираторлы этикет қағидаларын сақтау керек.

 

Үшіншіден, иммунитетті жоғарылатуға арналған ша­раларды ұстану, күндізгі және түнгі ұйқының балансын сақтау, дәрумендерге байытылған дұрыс тамақтану рационын сақтау, стрес­тік жағдайлардың мейлінше алдын алу, спортпен шұғылдану және барынша позитивті көңіл-күйді сақтауға талпыну керек.

 

Төртіншіден, егер сізде артериалды гипертония, қант диабеті, семіздік, созылмалы жүрек, өкпе ақаулары сынды қосалқы дерттер бар болса, онда сол ауру бо­йынша емдеуші дәрігер жа­зып берген негізгі ем жоспарын тоқтатпай, созылмалы ауруыңызды өршітіп алмауларыңыз қажет. Ал егер COVІD-19 індетіне шалдығып, ауруханаға жататын болсаңыз, қосалқы аурудан қабылдап жүрген дәрі-дәрмектеріңізді өзіңізбен алып жүргеніңіз жөн. Себебі, COVІD-19 індетінің асқынуына қосалқы ауруларыңыз да себеп болып қалуы мүмкін», &ndash дейді маман.

 

Қатар келген аурулар ағзаға ауыр тиеді 

Ал ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызмет­тердің сапасын және қауіп­сіздігін бақылау комитеті Ин­фекциялық ауруларды эпи­демиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова бір ке­зеңде қабаттасып келген тұмау мен коронавирус ін­детінің адам ағзасына ауыр тиетінін алға тартады.

 

«Антидене &ndash бұл ағзаның белгілі бір аурудан қор­­ғанысы. Олар адам ау­руды өткерген соң немесе вакцинациядан кейін та­биғи жолмен қалыптасады. Ағзаға ауру қоздырғышы түскен кез­де антидене олар­ды жойып отырады. Бі­рақ олар кез келген ауруға қарсы тұра алмайды.

 

Антидене адам ағзасында әртүрлі сақталады. Мә­селен, тұмаумен ауырғаннан кейінгі қорғаныс 6-8 айға созылады. Иммундық қорғаныс күшті болғанда қызылшаға қарсы 5 жыл, дифтерияға 10 жылға дейін сақталады. Барлық ауруға бірдей мерзім жоқ.

 

Ал коронавирус инфекциясына арналған антидене­ге қатысты айтар болсақ, бұл &ndash жаңа ауру. Белгілі бір ау­руға қарсы ан­тиденені анықтау, көп жағ­дайда қан­ша уақыт сақталатындығын білу үшін ғылыми-зерт­теу жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Бір ке­зеңде тұмау мен корона­вирус індеті қабаттасып кел­генде ағза ауруды ауыр өт­­­кереді. Сондықтан дәл қа­­­зір тұмаудан барынша қор­ға­­нуға кеңес беріліп отыр. Ау­­рулар қабаттасқан кезде ол адамға өте ауыр ти­еді.

 

Егер адамның негізгі ау­руы болса, онда кез келген жұқпалы ауру өте ауыр өтеді. Қант диабеті, жүрек-қан тамыры аурулары ке­зінде иммунды жүйенің қар­сы тұруы қиынға соғады», &ndash дейді ол.

 

Маманның айтуынша, аурудан жазылған соң ден­саулыққа жіті көңіл бөліп, дұрыс тамақтанған жөн. 

 

Дайындаған &ndash М. ШЫНҰЗАҚ

zamana.kz




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31