Денсаулық

Тұмауға қарсы қандай профилактика жүргізу керек?

  • Тұмауға қарсы қандай профилактика жүргізу керек?

    Тұмауға қарсы қандай профилактика жүргізу керек?

Алдымен адам өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек.

 

Тұмауға қарсы профилактика жүргізудің алғы шарттары:
1. Өзін-өзі емдеумен айналыспау. Егер Сіз ауырып қалсаңыз – дәрігерді үйге шақырту қажет;

2. Қоғамдық жерлерде маска қолдану қажет;
3. Таза ауада жиі серуендеу, саябақтарда жүру, тыныс – алуды реттеу, өкпенің вентиляциясын жоғарылатады, қан айналым жүйесін жақсартады;
4. Жеке бас гигиенасын сақтау, жиі қолды сабынмен жуу және дезинфекциялық заттармен сүрту;
5. Үйді және жұмыс орнын жиі желдетіп тұру;
6. Тамақтану барысында «С» дәрумені бар өнімдерді қолдану (лимон, бал, таңқурай және т.б.).
7. Дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде жасап тұру.Ақтөбе облысында тұмау профилактикасына қатысты қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

 

Тұмау – адамнан адамға ауа-тамшылы және қарым-қатынас жол арқылы тарайтын жұқпалы вирусты инфекция. Инкубациялық жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 7 күнге дейін созылады. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 С дейін көтеріліп, маңдай тұсының әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, әлсіздік, буындар мен сүйек-бұлшық еттерінің ауырсынуы сиптомдары пайда болады.

 

Тұмаудың эпидемиологиялық маусымы әдетте жыл сайын желтоқсан айынан белең алып, сәуір айын қоса алған мерзімге жалғасады.Егер еңбекке қабілеттілікті едәуір төмендетіп, асқынуу өте қауіпті. Бұған қоса, биыл короновирус инфекциясының оның «екінші толқыны» тұмау инфекциясының эпидемиологиялық маусымында болжанып отыр. Бұл жағдайда, аталған екі аурудың қоздырғыштары адамның ағзасына түскен жағдайда иммунитет жүйесіне орасан күш түсіп, денсаулық жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкүн. Сондықтан биылғы орын алған эпидемиологиялық жағдайда тұрғындарды, оның ішінде осал топқа жататын адамдарды тұмауға қарсы вакцинациялау өте маңызды.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес тұмау вирусының келесі штамдары айналымда болады деп күтілуде, олар: А (Н1N1) – «Guangdong-Maonan», А (H3N2) – «Hong Kong» және В – «Виктория желісіндегі Washington» түрлері.


2019 жылғы 1 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін тұмаумен – 221 адам науқастанған, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 103 жағдай. ЖРВИ-ның 7567 жағдайы тіркелді (АК – 891,8), оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 3700 жағдай (АК – 1518,9).


Осы жылдың қыркүйек айына жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 98436 доза Ресейде өндірліген «Гриппол+» вакцинасы сатып алынды. Биыл жоғарыда айтылған эпидемиологиялық жағдайға байланысты облысымызда тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны әдеттегіден 1 ай бұрын 15 қыркүйектен басталуы жоспарланды.


Иммундау облыстың барлық қалалық, аудандық емханаларда жүргізіледі. Облыста 68 жылжымалы бригада жасақталған. Профилактикалық егулер жүргізу алдында егілетін адамға міндетті түрде термометрия жүргізіледі. Егілген адамдар вакцинациялаудан кейінгі реакциялар мен асқынулар пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшін профилактикалық егулер алған медициналық ұйымда 30 минут бойы бақылауда болады.

 

Профилактикалық егулерді жылжымалы егу бригадасы жүргізген жағдайда егілген адамдар егуді жүргізген медицина қызметкерінің бақылауында болатынын ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді.

 

aikyn.kz




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31