Денсаулық

Тұмауға қарсы тегін вакцинаны қай жерде алуға болады

  • Тұмауға қарсы тегін вакцинаны қай жерде алуға болады

    Тұмауға қарсы тегін вакцинаны қай жерде алуға болады

Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов тұмауға қарсы вакцинаның бағасын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бізде тәукел тобы бар. Ол адамдарға міндетті түрде бюджет есебінен 2 млн доза сатып алынды. Жұқпаға қарсы екпелер елді мекендердегі тұрғылықты жеріне жақында орналасқан медициналық мекемелерде (емханаларда) жасалады. Жалпы, өзінің қаржысы есебінен екпе аламын дегендерге ақылы түрде ұйымдастырылады. Вакцинаны дайындаған еліне байланысты екпе бағасында айырмашылық болады. Яғни ресейлік әрі Франция вакциналары бар. «СҚ-Фармация» мәліметінше, олардың бағасы 2200 теңгеден 4500 теңге аралығында», - деді департамент басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде.

 

Оның сөзіне қарағанда, Ресейдегі тұмау штамдары Қазақстанда тараған штаммен ұқсас. Себебі екі ел де бір климаттық белдеуде орналасқан.

 

«Біз халықтың 10 пайызынан астамын бюджет есебінен қамтамасыз етпекпіз. Бұл өз кезегінде аурудың төмендеуіне елеулі әсер етеді», - деді Ж. Бекенов.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, «СҚ-Фармация» тарапы «Гриппол плюс» вакцинасының 2 миллионнан астам дозасын сатып алды.




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 19:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31