Денсаулық

"Туыс-туған, достарды шақырмаңыздар". Денсаулық сақтау министрі Жаңа жылды қалай қарсы алу керектігін айтты

  • "Туыс-туған, достарды шақырмаңыздар". Денсаулық сақтау министрі Жаңа жылды қалай қарсы алу керектігін айтты

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоронов қазақстандықтарға жаңа жылды тойлауға қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті қазақстандықтар. Вируспен күресуді үйренгенімізге, алдын алу шараларын білуімізге қарамастан, вирус таралымы жалғасуда. Коронавирустық инфекцияның жергілікті өршуі көбінесе жабық үй-жайларда көптеген адамдардың ұзақ уақыт болуына байланысты үлкен іс-шаралардың салдары болып табылады", - деді вице-министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

 Ұзақ уақытқа созылатын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында вице-министр коронавирусқа қарсы шараларды сақтауды сұрады:

аадамдар көп жиналатын жерге бармау
ұжымдық іс-шараларға мармау, корпоративтік кештер ұйымдастырмау
суық тиіп қалатындай жағдайды болдырмау
қатерлік топтарға кіретін адамдарға қауіп тудырмау
"Жаңа жыл - отбасылық мейрам. Оны туыстар мен достар, таныстарды шақырмай, жақындарыңыз бен тұрып жатқан адамдарыңыздың жанында атап өтуге шақырамын", - деді ол. 

Құрметті қазақстандықтар, тағы да сіздердің назарларыңызды пандемия әлі жалғасып жатқанына, вирус жеңілмегеніне аударғым келеді, сондықтан әрбір адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға жұқтырмау үшін барлығын жасап, міндетті түрде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық және гигиена бойынша талаптарды сақтауы қажет", - деп толықтырды Шоранов.

Оның айтуынша, тұрғындар алдағы мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекцияның бақылаусыз өсуіне әкелмеуі керек. "Бұл біздің мінез - құлқымызға және алдын алу шараларын ұстануымызға тікелей байланысты", - деп қорытындылады бірінші вице-министр.

Stan.kz




Көрілген: 2188    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31