Денсаулық

Үндістанға емделуге кеткен 23 жастағы алматылық қыз көз жұмды

  • © Sputnik / Константин Чалабов

    © Sputnik / Константин Чалабов

Қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандық Диана Ыстыбаева Үндістанда көз жұмды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Өкінішке қарай, ол кеше қайтыс болды. Қазір біз оның денесін мемлекет есебінен Қазақстанға жеткізу үшін барлық қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз", - деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.


Айта кетсек, 23 жастағы алматылық Диана Ыстыбаева емделу үшін анасы және бауырымен бірге Үндістанға кеткен еді. Алты жыл бұрын дәрігерлер оған "шынтақ буыны саркомасы" диагнозын қойыпты. Дәрігерлер қыздың қолын иығына дейін кесіп тастауға мәжбүр болған.


Алайда үндістандық дәрігерлер қазақстандық бойжеткенге көмек көрсете алмады. Ауру әбден асқынып кеткен.


Алматылық қыздың соңғы тілегі елге оралу болатын.




 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 19:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31