Денсаулық

Үйде жұмыс істеу кезінде қандай ережелерді сақтаған жөн

  • Үйде жұмыс істеу кезінде қандай ережелерді сақтаған жөн

    Үйде жұмыс істеу кезінде қандай ережелерді сақтаған жөн

Еліміздің ірі қалалары Нұр-Cұлтан мен Алматыда карантин жарияланғаннан кейін көптеген компаниялар қызметкерлерін үйінде жұмыс істеуге жіберді. Бұл шаралардың барлығы адамның саулығы үшін жасалып отырған қадам деп түсінуіміз керек. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап үйдегі жұмыстың кеңседегідей өнімді болу жолдарын көрсетеді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жұмысыңыз нәтижелі болу үшін төмендегі ережелерге мойынсыну артық етпес.

1. Теледидар қоспау

Көгілдір экраннан шыққан дауыс сізді жұмыстан алаңдататыны сөзсіз. Егер басқа отбасы мүшелері теледидар қараса, басқа бөлмеге барып жұмыс істеңіз.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

2. Дұрыс киіну

Жұмыс костюмін кию міндетті емес. Үйде дресс-кодтан демалуға болады. Алайда, қалай болса солай киініп отыруға болмайды. Жинақы немесе әдемі киініп алу жұмыс атмосферасын жасауға көмектеседі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

3. Тамақ алып келу

Күнде дүкенге бармас үшін бірнеше күнге жететін азық-түлік алып қою артық етпейді. Бұл тек күнделікті үйге қажетті азық-түлікке қатысты емес, мысалы, кеңседе сүйіп ішетін кофеңіз немесе тіскебасарыңыз сізге қосымша шабыт сыйлауы бек мүмкін.

 
 
Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

4. Жұмыс кестесінен шықпау

Үйде жұмыстан алаңдататын тұрмыстық шаруалар толып жатыр. Мысалы: кір жуу, тамақ пісіру, үй жинау. Бірақ оның бәрі уақытыңызды алатынын ұмытпау керек. Сол себепті бұл істерді демалыс күндерге немесе кешкі уақытқа қалдырған жөн.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

5. Жұмыс орнын ұйымдастыру

Диванда жатып, жұмыс істеу карантиннің бір артықшылығы шығар. Бірақ бұлай жұмыс істеу денсаулығыңызға зиян және жұмыс процесіне кері әсерін тигізеді. Сол себепті бөлменің бір бұрышынан жұмыс үстелін ұйымдастырған абзал.

Оған қажетті құжаттар, кітаптар, қалам және блокнот қою артық етпес. Жинақы кеңсе бұрышы жастық-көрпе шашылып жатқан жерден қарағанда жұмыс жасауға көбірек шабыт береді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

 

 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30