Денсаулық

Үйдегі шаң семіздікке алып келуі мүмкін

  • Үйдегі шаң семіздікке алып келуі мүмкін

    Үйдегі шаң семіздікке алып келуі мүмкін

АҚШ ғалымдары үйдегі қарапайым шаң-тозаңның эндокрин бұзылуының дамуы мен семіздікке алып келуі мүмкін екенін анықтады. Бұл туралы MedicalNewsTodaу басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дьюк университетінің зерттеушілері үйдегі шаң-тозаң эндокрин жүйесінің бұзылуы арқылы семіздікке алып келуі мүмкін екенін дәлелдейтін дәйектерді келтірген. Зерттеу барысында ғалымдар 194 үйден шаң-тозаңның үлгілерін жинаған. Зертханада молекулалық сараптама жүргізген.


Мамандар зерттеген шаң үлгілерінің құрамынан 100-ден аса химиялық зат табылды. Ғалымдардың айтуынша, осы жүздеген заттардың 70-і эндокриндік жүйе органдарының жұмысында теріс өзгерістер тудыруға қабілетті химикаттар болған.


"Май тінінің өсуіне ықпал ететін химикаттар артық салмақ немесе семіздікке ұшыраған балалар үйлерінде алынған үлгілерде болған. Бұл химиялық заттарды тұрмыстық тазалау құралдары мен пластиктен табуға болады", - деп хабарлады жоба авторлары.


Мамандар АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп, балалардың күн сайын 60-тан 100 миллиграммға дейін үй шаңын жұтатынын айтады. Олар өткен зерттеулерде шаңдағы заттардың әсері мен фертильдік бұзылыстардың дамуы, сондай-ақ бауыр мен обыр ауруларының пайда болу қаупінің жоғарылауы арасындағы байланыс анықталғанын еске салады.




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31