Денсаулық

Вакцина алған азаматтар қандай жағдайда "жасыл" мәртебесінен айырылады?

  • Вакцина алған азаматтар қандай жағдайда

    Вакцина алған азаматтар қандай жағдайда "жасыл" мәртебесінен айырылады?

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында вакцинацияланған азаматтар Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесін қандай жағдайларда жоғалтатыны жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулы бүгін, 27 қыркүйекте күшіне енді. 

 Құжатта азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін алғаннан кейін бірден "жасыл" мәртебе берілетіні айтылған. Бұл мәртебе оларда 21 күн бойы сақталатын болады. Егер осы уақыттан кейін адам екінші компонентті алмаса, оның мәртебесі автоматты түрде "көкке" ауыстырылады. 

Ал COVID-19-ға қарсы толық вакциналау курсынан өткендер үшін "жасыл" мәртебе бір жыл бойы сақталады. 

Еске сала кетейік, үш ай ішінде коронавируспен ауырғандар, медициналық рұқсатнамасы барлар, жүкті әйелдер, сондай-ақ бір апта ішінде ПТР талдауын тапсырған азаматтар “Ashyq” қосымшасында “жасыл” мәртебеге ие. 

Айта кетсек, 27 қыркүйектен бастап салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат берілді. 

Сонымен қатар форумдар, көрмелер, марафондар өткізуге болады.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ға дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.

"Сары" аймақта да 50%-ға дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.

"Қызыл" аймақта 50%-ға дейін, 50 орыннан аспауы керек.

Сонымен қатар форумдар, көрмелер, марафондар өткізуге болады.

Stan.kz




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 11:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31