Вакцина алғандарға жаңа жылдық корпоративте арақ ішуге тыйым салынды

19 желтоқсан 2021, 23:47

Жаңа жыл қарсаңында оның үстіне күнде вирустың жаңа штаммы шығатын уақытта мерекелік кештер өтпей қала ма деген сұрақ көпшілікті мазалайтыны анық.
Медицина мамандары вакцина алғаннан кейін спирттік сусындарды ішуге тыйым салады. Яғни, алғашқы үш күнде ащы сусынға жоламау керек.
Егер екпені жаңа жыл қарсаңда алсаңыз, онда ішімдікке жоламай тұра тұрғаныңыз дұрыс.
Өйткені алкоголь ағзадағы иммунитетті төмендетіп жібереді. Сондықтан вакцинаның пайдасы аз болуы мүмкін.
Сондай-ақ дәрігерлер ауыр заттар көтермеуге және жүйкеге салмақ түсіретін әрекеттерге бармау керек екенін ескертеді.
Инъекция орнына да үш күн бойы су тигізбеу керек. Осыған байланысты ванна мен саунаға түсуге тыйым салынады. Вакцинациядан кейін температура 38 градусқа дейін көтерілсе, дәрігерлер парацетамол ішуге кеңес береді.

exk.kz