Денсаулық

Вакцина алмаған балалар мектепке кіргізілмей ме? ДСМ жауап берді

  • ©Depositphotos

    ©Depositphotos

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов балаларды вакцинаға міндеттеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде “Елге Рfizer вакцинасы келсе, екпе алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме?” деген сұрақ қойылды.

 

"Жалпы қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпені 18 жастан бастап жасап жатырмыз. Рfizer вакцинасы келгеннен кейін 12 жастан бастап пайдалануға болады. Қазіргі кезде вакцина алмаған балаларды шектеу көзделіп отырған жоқ. Ол әр баланың ата-анасының келісімі бойынша, ерікті түрде ғана салынады. Сондықтан біз өз тарабымыздан түсіндіру жұмыстарын халыққа жеткіземіз", - деген вице-министрі Марат Шоранов жақында

 

Сондай-ақ, ол Рfizer вакцинасының 4 миллоннан астам дозасы елге жеткізілетінін айта кетті.

 

"Бұл мәселе бізде өте ерекше деп есептейміз. Неге десеңіз, біз балалардың білім алуын офлайн режимге көшірдік. Санитарлық режим, маска режимі дейміз, соның арқасында қазір балалардың арасында науқастану көрсеткіші үлкен емес – 0,6 пайыз болып отыр. Сондықтан да вакцина салынса балаларымыз мектепке қорықпай бара алады деп сенеміз", - деді Марат Шоранов.

 

Айта кетсек, оқу жылы басталғалы бері мектеп оқушылары арасында ковид жұқтырған 9 185 адам анықталған.

 

 

 

 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 19:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31