Денсаулық

Вакцина алмаған балаларды сауда орталықтарына кіргізбеуі мүмкін бе

  • https://atpress.kz/

    https://atpress.kz/

Сауда орталықтарына вакциналанбаған балаларды кіргізуге шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Қазіргі таңда тек ересектер үшін ғана шектеу бар. Болашақта балалар үшін осындай шектеу енгізу қарастырылып жатыр", - деді Цой үкімет кулуарында журналистерге.

 

Айта кетері, қазір елде 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде Pfizer-мен вакциналау науқаны басталды.

 

15 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына тек "жасыл" статустағы адамдар кіреді. Бұрын мұндай шектеу демалыс күндері енгізілсе, енді жұмыс күндері де қолданылады.

 

Жуырда Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілді. Екінші партия 20 қарашаға дейін жеткізіледі. Қазір бұл препаратпен вакциналау 7 өңірде – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында басталды.

 

Бүгінгі таңда 1313 бала, 247 жүкті және бала емізетін әйелге Pfizer вакцинасы егілді.

 

 

 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 13:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31